Волкановски: «Джонс, белбеуіңді қорғамайсың ба, зейнетке кет!»

Жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Алекс Волкановски ауыр салмақтағы америкалық чемпион Джон Джонсты октагонға қайта оралуға шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионат порталына сілтеме жасап.
«Егер сен чемпион болсаң, белбеуіңді қорғауың керек. Бұл – сенің жауапкершілігің. Бәрінен шеттеп тұруға болмайды. Белсенді болып, кез келгенмен айқасуға дайын болуың қажет», – деді Волкановски.
Ол Джонстың жетістіктерін жоққа шығармайтынын айта отырып, дивизионның дамуына кедергі келтірмеу керектігін ескертті.
«Сенің рекордың мықты, сені тарихтағы ең ұлы файтер деп есептейді. Бірақ егер енді айқасқың келмесе – зейнетке кет», – деді Волкановски.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или