Покатиловтың бас бапкері сәтті маусымнан соң командадан кетті

Покатиловтың бас бапкері сәтті маусымнан соң командадан кетті


Әзербайжандық «Сабах» клубының бас бапкері Василий Березуцкий қызметінен кетті, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

«Василий Березуцкий мен оның жақындарына бар жақсылықты тілейміз. Жұбайына тез сауығып кетуін және мықты денсаулық тілейміз», – делінген клубтың хабарламасында.

42 жастағы маман «Сабахты» 2024 жылдың қарашасында қабылдап, екі жарым жылдық келісімшартқа отырған еді. Оның басшылығымен команда алғаш рет Әзербайжан Кубогын жеңіп алды – бұл клуб тарихындағы тұңғыш трофей.

Маусымның екінші жартысында команда сапына қазақстандық қақпашы Стас Покатилов қосылып, аз уақыт ішінде негізгі ойыншыға айналды. Ол финалда пенальти қайтарып, Кубокты жеңіп алуда шешуші рөл атқарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или