«Ұлытау» қатарынан үшінші рет жеңіске жетті

«Ұлытау» қатарынан үшінші рет жеңіске жетті


14 маусым, сенбі күні футболдан ел чемпионатының кезекті матчтары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жезқазғандық «Ұлытау» сырт алаңда «Атырауды» 0:1 есебімен жеңіп кетті. Жалғыз голды 21-минутта Молдақараев соқты. Бірінші таймның соңында қонақтар бір ойыншысынан айырылып қалса да, екінші тайм бойы алаң иелерінің шабуылына тойтарыс беріп отырды.

Бұл жеңіс – «Ұлытаудың» қатарынан үшінші жеңісі. Турнир кестесінің ең соңында тұрған команда енді 11 ұпаймен 10-орынға көтерілді. Ал атыраулықтар болса, осы турға дейінгі қарсыластарының бұрынғы орнына түсіп қалды. Олардың еншісінде небәрі 4-ақ ұпай бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или