«Ұлытау» қатарынан үшінші рет жеңіске жетті

Ганалық тәжірибелі футболшы Давид Мавутор «Атырау» клубымен келісімшартқа қол қойғанын Legalbet.kz сайтына растады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Иә, енді «Атырау» сапында ойнаймын. Келісімшартқа 2025 жылғы маусымның соңына дейін қол қойдым», – деді 33 жастағы жартылай қорғаушы.
Мавутор Қазақстан футболына жат емес. Ол бұған дейін «Жетісу» (2018–2020), «Шахтер» (2021), «Ақсу» (2023) және «Туран» (2024) клубтарында өнер көрсеткен. Жалпы, Премьер-лигада 98 матч өткізіп, 4 гол соққан, 2 нәтижелі пас берген.
Биылғы маусымды Тәжікстанның «Худжанд» клубында бастаған. Ол жақта 7 ойын өткізіп, 1 гол мен 1 паспен көзге түскен. Transfermarkt порталы ойыншының қазіргі бағасын 75 мың еуро деп көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или