«Сарыарқа» сапына қорғаушы қосылды

Қорғаушы Игорь Пономарёв «Сарыарқа» сапына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
Өткен маусымда 20 жастағы қорғаушы «Ақтөбе» сапында өнер көрсетіп, Pro Hokei Ligasy-ның тұрақты чемпионатындағы 16 матчта бір нәтижелі паспен көзге түсті. Плей-офф кезеңіндегі бес кездесуде Пономарёв ұпай жинаған жоқ.
Еске салайық, «Сарыарқа» өткен маусымда Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или