Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Германияда польшалық боксшымен кездеседі

Бүгін жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы, «Қасапшы» лақап атымен танымал Виктор Темиров (7-0, 5 КО) Германияның Ганновер қаласында рингке шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның қарсыласы тәжірибелі польшалық боксшы Лукаш Барабаш (4-16, 2 КО) болады.
Жекпе-жек бокс шоуы аясында өтеді, ал Теміров үшін бұл 2025 жылғы екінші кездесу болмақ. Сәуір айында ол Адам Цеслякты техникалық нокаутпен сенімді жеңген болатын.
Екі боксшы да ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Темиров 72,5 келіні көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или