«Тұран» ҚПЛ матчы алдында бапкер мен легионерлерсіз қалды

Түркістандық «Тұранның» бүкіл бапкерлік штабы ҚПЛ-дың 12-туры аясындағы елордалық «Жеңіске» қарсы ойын алдында отставкаға кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұндай тосын шешімнің себептері ресми түрде жарияланбағанымен, «Серый CARDINAL» мәліметінше, клуб ішінде күрделі дағдарыс орын алып жатыр.
Одан бөлек, «Тұран» «Жеңіске» қарсы ойынға бірде-бір легионерсіз шығады — шетелдік футболшылар матчқа мүлдем тіркелмеген. Олардың неге қатыспайтыны да белгісіз.
Клубтағы жағдайды одан әрі қиындата түсетін тағы бір жайт — бірнеше жас қазақстандық ойыншының кетуі мүмкін екені туралы ақпарат. Олардың келісімшартында жазғы трансферлік кезеңінде ойыншының келісімшартты бұзу мүмкіндігі қарастырылған.
Ойын бүгін, 14 мамыр күні Түркістанда өтеді. Басталуы — Қазақстан уақытымен 20:00-де.