Әлімханұлының нокауты жылдың үздік 10 финиші қатарына енді

DAZN стриминг сервисі орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) нокаутын жылдың үздік он финиші қатарына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.
2025 жылы 5 сәуірде Әлімханұлы Астанада франциялық Анауэль Нгамиссенгеге (14-1, 9 КО) қарсы кездесу өткізген болатын. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек небәрі бес раундқа созылып, Жәнібек нокаутпен жеңіске жетті.
«Әлем қауымдастығы Жәнібек Әлімханұлының қуаты мен шеберлігін жақсы біледі.
Ол Дензел Бентлиді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңгеннен кейін WBO белбеуін иеленіп, қатарынан төрт қарсыласын нокаутпен жеңіп, тамаша серияны жалғастырып келеді.
Бесінші раундта оған солақай хук жасауға мүмкіндік туды және ол бірден қарсыласының екінші соққыға ашық тұрғанын байқады.
Жәнібек Анауэль Нгамиссенгені екінші хукпен дәл соғып, оны нокдаунға жіберді. Бұл орта салмақтағы басқа чемпиондарға анық ескерту болды», – деп жазды DAZN.
DAZN нұсқасы бойынша жылдың үздік 10 нокауты:
- Алоис Джуниор vs Давид Джеймисонға;
- Дэйв Аллен vs Джонни Фишерге;
- Эмилиано Варгас vs Хуан Леонға;
- Фабио Уордли vs Джастис Хуниге;
- Агит Кабайель vs Чжилэй Чжанға;
- Кейден Гриффитс Фернандо Руисқа ;
- Жәнібек Әлімханұлы vs Анауель Нгамиссенге;
- Йоали Москеда vs Ивана Гарсиа;
- Каллум Симпсон vs Элвис Ахорга;
- Джозеф Паркер vs Мартин Баколе.
Отметим, что ранее непобежденный казахстанец перебил Алимханулы в гонке за бой с чемпионом.