Қазақстандық NAIZA чемпионы бокс жекпе-жегінде ресейлік файтерді жеңді

Қазақстандық NAIZA чемпионы бокс жекпе-жегінде ресейлік файтерді жеңді

Қазақстандық файтер Фаниль Рафиков Алматыда өткен Betcity Fight Nights Boxing бокс турнирінде Мариф Пираевты жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

Алты раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық спортшыға берді.

Пираев үшін бұл кәсіпқой бокстағы дебюті болды. Ал Рафиков рингке екінші рет шықты — оның алғашқы жекпе-жегі 2025 жылдың ақпанда Павлодарда өткен Fight Nights Boxing турнирінде өткен, онда ол ресейлік Ахмед Алиевті жеңген болатын.

«Барлығы ойдағыдай бола қойған жоқ… Марифтің стилі өте жақсы әрі қолайсыз екенін атап өткім келеді. Қарсылас үнемі алға ұмтылған кезде бұл қиын», — деді жекпе-жектен кейін Рафиков.

Айта кетейік, екі спортшы да аралас жекпе-жектегі өнерімен белгілі. ММА-де Рафиковтың рекорды — 24 жеңіс, 7 жеңіліс, ал Пираевтың көрсеткіші — 34 жеңіс, 5 жеңіліс және 1 тең нәтиже.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или