«ПСЖ» — «Атлетико»: Клубтар арасындағы әлем чемпионатын кім жеңіспен бастайды?

Маусымның 15-інен 16-сына қараған түні Пасаденада клубтар арасындағы әлем чемпионатының В тобындағы орталық матч өтеді. «Роуз Боул» аренада «Пари Сен-Жермен» мен «Атлетико Мадрид» кездеседі.
Бұл кездесу екі команда үшін де турнирдегі алғашқы әрі маңызды кездесу саналады. Квартетте «ПСЖ» мен «Атлетикодан» бөлек бразилиялық «Ботафого» мен америкалық «Сиэтл Саундерс» бар.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«ПСЖ»
«Қызыл-көктер» кейінгі жеті кездесуінің алтауында жеңіске жетті, тек бір ойында ұтылды — Франция чемпионатының 32-турында «Страсбурке» (1:2) есе жіберген. Бірақ бұл жеңілістің турнирлік кестеге әсері болмады: чемпионат тағдры оған дейін шешілген, париждіктер матчты жартылай қосалқы құраммен өткізді, жеңіске жетуге ешқандай мотивация болмады.
Маусымның соңғы ойыны қалай өткенін жұрт жақсы біледі — Чемпиондар лигасының финалында Луис Энрике шәкірттері «Интер» қақпасына жауапсыз бес гол соғып, чемпион атанды. ПСЖ матчтың бірінші минутынан, соңғы минутына дейін керемет өнер көрсетті. Есептие сенімді түрде алға шыққан соң да тізгін тартқан жоқ. Бесінші голды 86-минутта соқты. Бұл физикалық дайындық пен психикалық жігердің жоғары деңгейде екенін көрсетті.
Осылайша, ПСЖ клубтар арасындағы әлем чемпионатына тыныққан, сенімді және жақсы формада келіп отыр. Жалғыз ықтимал қауіп — халықаралық матчтар. Көптеген негізгі футболшысы өз ұлттық құрамасында өнер көрсетті, бұл ырғақты бұзып, қосымша салмақ түсіруі мүмкін.
«Атлетико»
Чемпиондар лигасында мадридтік «Реалдан» жеңіліп, Ла лига мен кубокта «Барселонаға» есе жіберген «матрасшылар» маусымды жүлдесіз аяқтады. Диего Симеоне шәкірттері маусым соңына қарай ала-құла өнер көрсетті, тіпті аутсайдерлермен матчта ұпай жоғалтқан кездері бар: «Лас-Пальмас» (0:1), «Алавеспен» тең ойнады (0:0).
Дегенмен маусымның соңы сәтті аяқталды. Ла лиганың соңғы төрт турында «Атлетико» 12 гол соғып, үш рет жеңіске жетті. Әсіресе «Бетисті» 4:1 есебінмен ойсырата ұтты. Маусым аяқталғаннан бері үш апта үзіліс болды, команда физикалық қайта қалпына келіп, тактикалық түзетуге уақыт алды.
«Атлетиконың» көктемдегі ең осал тұсы қорғаныс болды. Алты матч қатарынан өз қақпасына гол өткізіп алды. Позициялық қорғаныста да, белгіленген фигураларда да проблемалар туындады. Бірақ маусымның соңына қарай қорғаныс салыстырмалы түрде жақсарды — соңғы алты матчтың төртеуінде қақпасын голдан аман сақтап қалды. Бұл ПСЖ-ның үздік шабуылымен текетірестің негізгі факторы болуы мүмкін.
Жеке кездесулер статистикасы
Бұл қарсыластар арасындағы жалғыз ресми матч былтыр Чемпиондар лигасы аясында өттеі. «Парк де Принс» стадионында өткен кездесуде «Атлетико» 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі бұл кездесуге мынадай коэфициент ұсынады: 1.85 – «ПСЖ» жеңісі, 3.92 – тең нәтиже, 3.86 – «Атлетико» жеңісі.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.