Дэвид Бекхэм рыцарь атағын алды

Дэвид Бекхэм рыцарь атағын алды

Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы Дэвид Бекхэмге Англия королі Карл III спорт пен қайырымдылыққа сіңірген еңбегі үшін рыцарь атағын берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сэр Дэвид Бекхэм. Бүкіл «Манчестер Юнайтед» атынан осы ерекше жетістікпен құттықтаймыз, Бекс – сіз оған шынымен лайықсыз", - деп жазды ағылшын клубының баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, Бекхэм «Манчестер Юнайтед», «Реал», «Милан», «Лос-Анджелес» және «ПСЖ» командаларында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или