Қазақстандық боксшы Германиядағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

Қазақстандық боксшы Виктор Темиров (7-0, 5 КО) бүгін, 14 маусымда кәсіпқой рингтегі сегізінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Ганноверде (Германия) өтетін бокс кешінде өнер көрсетіп, поляк Лукаш Барабашпен (4-16, 2 КО) жұдырықтасады.
Жекпе-жек қарсаңында Виктор салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, орта салмақтағы шекті (72,5 келі) сәтті орындады.
Темиров үшін бұл 2025 жылғы екінші жекпе-жегі болады, ол бұған дейін 12 сәуірде Германияның тағы бір қаласы Квакенбрюккенде өткізіп, поляк боксшысы Адам Циеслакты (8-26-1, 3 КО) техникалық нокаутпен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или