Қазақстан академиялық есуден өткен халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

Қазақстан академиялық есуден өткен халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

Мәскеуде (Ресей) академиялық есуден халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР ҰОК мәліметінше, аталған жарыста Қазақстан құрамасы үш жүлдеге ие болды.

Әйелдер арасында LW1x санатында (2000 метр) Мария Чернец 8:37.35 уақыт көрсеткішімен қола жүлдені жеңіп алды.

Спринт жарысында (500 метр) Иван Чернухин мен Владислав Яковлев 1:35.27 нәтижесімен күміс жүлдеге қол жеткізді.

Ал дәл осы бағдарламада Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников 1:40.71 уақытпен үшінші орынға табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или