«Барыс» ҚХЛ-ға қатыспауы мүмкін
ГоловойОбЛед мәліметінше, Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін жалғыз қазақстандық клуб — елордалық «Барыс» алдағы маусымда ҚХЛ 3х3 чемпионатына қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мұндай ықтималдылық жоғары, себебі алғашқы маусымда турнирге қатысушылардың барлық ұшып-қону шығындарын лига демеушілері көтерген болса, жаңа маусымда бұл шығындар қатысушылардың мойнына жүктелмек.
Бұл мәселе бойынша соңғы шешімді «Барыстың» жаңа бас менеджері қабылдайды.
Сонымен қатар, жанкүйерлер арасында «Барыс» ойыншыларының 3х3 форматындағы кездесулерге салғырт қарап, үнемі ірі есеппен жеңіліп жатқаны қызу талқыланып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или