Абиба Абужақынова жартылай финалға шықты

Әбиба Әбужақынова Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлем чемпионатында 48 келіде жүлдеге таласып жатқан Әбиба Әбужақынова ширек финалда жапониялық Вакана Коганы тізе бүктірді.
Ал 60 келідегі Мағжан Шамшадин ширек финалда жапониялық Рюдзю Нагаямаға есе жіберді. Енді ол жұбаныш белдесуінде қола медаль үшін күреседі.
Айта кетейік, финалдық бәсекелер 21:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или