Абужақынова мен Шамшадин әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Абужақынова мен Шамшадин әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Абиба Абужақынова мен Мағжан Шамшадин Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлем чемпионатында 48 келіде жүлдеге таласып жатқан Абиба Әбужақынова 1/8 финалда Луи Петиді (Бельгия) иппонға түсіріп, келесі кезеңге жолдама алды.

Ал 60 келідегі Мағжан Шамшадин 1/8 финалда Бельгия спортшысы Иорре Ферстрэтеннен айласын асырып кетті.

Енді оның келесі қарсыласы - Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Рюдзю Нагаяма.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или