Дзюдодан ӘЧ: алғашқы айналым нәтижелері

Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан дзюдодан Әлем чемпионатының алғашқы күнінді төрт қазақстандық балуан жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әбиба Әбужақынова (48 келі) алғашқы айналымда бейтарап елдің өкілі Марина Воробьеваны «юко» әдісімен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Әбиба 2022, 2024 жылдары әлем чемпионатында қола жүлдегер болса, 2021, 2022 жылы Азия чемпионатында күміс алды.
Сондай-ақ ел құрамасынан Мағжан Шамшадин (60 келі)алғашқы айналымда ол Дэвид Тераоны (АҚШ) жеңді. Мағжан екінші кездесуін де жеңіспен аяқтады. Испаниялық Францизко Гаригосты он секундта таза жықты. Қарсыласы Париж Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған болатын.
Ал ел құрамасынан Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Шерзод Давлотов (60 келі) жарысты ерте аяқтады. Екеуі де алғашқы белдесуінде ұтылды.