Параволейболдан Азия чемпионатында Қазақстан финалға шықты

Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы жартылай финалда Таиланд құрамасымен шеберлік байқасты.
Бауыржан Тахауовтың шәкірттері айқын басымдылық танытып, 3:0 (25:15, 25:15, 25:5) есебімен жеңіске жетті.
Екінші жартылай финалда Қытай Жапонияны 3:1 есебімен қапы қалдырды.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Бауыржан Тахауовтың айтуынша, ертең Қытаймен финалдық матч Қазақстан уақытымен сағат 13.00-де басталады.
Осыған дейін қазақстандық параволейболшылар Азия біріншілігінде финалға дейін жеткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или