Өзбекстан құрамасы әлем чемпиондары Аргентинамен жолдастық матч өткізуі мүмкін

2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алған Өзбекстан құрамасы қазіргі әлем чемпиондары Аргентинамен күш сынасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Championat.asia порталының мәліметіне сүйенсек, Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына дайындық аясында мықты командалармен, оның ішінде Аргентина құрамасымен жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр.
Қос команда арасындағы ойын 20-28 қазан аралығына жоспарланған ФИФА күнтізбесінде өтуі тиіс. Кездесу Өзбекстанда емес, Аргентина елінде өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или