Қазақстан академиялық есуден өткен халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

Мәскеуде (Ресей) академиялық есуден халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасы үш жүлдеге ие болды.
Әйелдер арасында LW1x санатында (2000 метр) Мария Чернец 8:37.35 уақыт көрсеткішімен қола жүлдені жеңіп алды.
Спринт жарысында (500 метр) Иван Чернухин мен Владислав Яковлев 1:35.27 нәтижесімен күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ал дәл осы бағдарламада Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников 1:40.71 уақытпен үшінші орынға табан тіреді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или