Волейбол: Қазақстан жастары Өзбекстаннан ұтылды

Волейболдан Өзбекстан астанасында бес команда қатысып жатқан CAVA U16 чемпионаты жалғасуда , деп хабарлайды Prosports.kz
Бейсенбі күні Қазақстан жастар құрамасы турнирдегі үшінші кездесуінде чемпионат қожайындарынан 2:3 (14:25, 25:22, 35:33, 22:25, 14:16) есебімен жеңіліп қалды.
Бұған дейін біздің жігіттер турнир басында ирандықтардан 0:3 (17:25, 15:25, 17:25) ұтылып, Қырғызстаннан келген құрдастарын 3:0 (25:21, 25:10, 25:15) есебімен ұтқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или