Қазақстандық теннисші Александр Бублик Лондон ATP 500 турниріне шақырту алды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Лондон ATP 500 турниріне шақырту алды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик 16-22 маусым аралығында өтетін Лондон (Ұлыбритания) ATP 500 турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.

Әлемнің 6-ракеткасы, италиялық Лоренцо Музетти аталмыш жарысқа қатысудан бас тартты. Сондықтан оны Александр Бублик алмастырады. 

Өткен аптада Л.Музетти Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалында испаниялық Карлос Алькараспен матчын жарақатына байланысты аяқтай алмаған еді. К.Алькарас 4:6, 7:6 (7:3), 6:0, 2:0 есебімен алда тұрған кезде италиялық теннисші ойынды тоқтатуға мәжбүр болды.

Ролан Гарроста алғаш рет ширек финалға дейін жеткен А.Бублик үшін Лондон додасы көгал төсенішіндегі биылғы беташар жарыс болмақ.

Сондай-ақ Лондонда ойнаудан бас тартқан әлемнің 8-ракеткасы Томми Полды Камило Уго Карабельи (53, Аргентина), Маттео Берреттиниді (28, Италия) Дженсон Бруксби (151, АҚШ) ауыстырады.

Өткен жылы Т.Пол жеңімпаз болса, Л.Музетти финалға дейін жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или