ҚПЛ клубы грузин футболшысын өз қатарына қосады

ҚПЛ клубы грузин футболшысын өз қатарына қосады

Грузиялық жартылай қорғаушы Пируз Мараквелидзе «Ұлытауға» ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Тбилиси «Динамосының» түлегі Грузия чемпионатында Зестафони, Мерани, Лиахви және Телави сияқты клубтарда өнер көрсетті.

Грузия Премьер-Лигасының ағымдағы маусымында Пируз Телави 15 матчта алаңға шығып, екі нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталы 30 жастағы ойыншының құнын қазіргі уақытта 100 мың еуроға бағалап отыр.

Қазақстан Премьер-лигасының 11 турынан кейін «Ұлытау» сегіз ұпаймен турнир кестесінде 12-орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или