Қазақстандық теннисші WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Лондон (Ұлыбритания) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші мен ресейлік Диана Шнайдер ширек финалда аустралиялық Сторм Хантер — америкалық Дезире Кравчикпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда есеп 2:2 болған мезетте қазақстандық-ресейлік жұп брейк жасап, алға шыққанымен, кейін Хантер — Кравчик таразы басын теңестірді — 5:5. Дегенмен тай-брейкте Данилина — Шнайдер сәтті ойнады — 7:6 (7:4).

Екінші сетте де Анна мен Диана 2:0 есебімен алға кеткенімен, қарсыластары іле-шала есе қайтарып үлгерді — 2:2. Әйтсе де Данилина — Шнайдер тағы бір брейк жасап, матчты жеңіспен аяқтады — 6:4.

Сағат жарымға созылған бәсекеде Данилина — Шнайдер 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Хантер — Кравчик 5 эйс, 2 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті.

А.Данилина — Д. Шнайдер финалға шығу үшін доданың 3-ракеткалары, аустралиялық Эллен Перес — қытайлық Чжан Шуаймен таласады. Бұл жұп мажарстандық Тимея Бабош — бразилиялық Луиза Стефаниды жолдан тайдырды — 7:6 (7:4), 7:6 (9:7).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или