Рыбакина мен Путинцева Ұлыбританиядағы турнирдің жұптық сынында жеңіліп қалды

Рыбакина мен Путинцева Ұлыбританиядағы турнирдің жұптық сынында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан Queen’s Club Championships турнирінің жұптық сынындағы 1/4 финал матчында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда Рыбакина мен Путинцева америкалық Эйжа Мухаммад пен нидерландтық Деми Схюрс дуэтімен кездесіп, 1:6, 5:7 есебімен қарсыластарына есе жіберді.

Еске салайық, Лондондағы турнирде Елена Рыбакинаның жекелей сынның 1/8 финалында ұлыбританилялық Хизер Уотсонды 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Хизер Уотсон бірінші айналымда Юлия Путинцеваны 6:4, 6:3 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или