Эдмилсон ресми түрде «Қайрат» ойыншысы атанды

«Қайрат» футбол клубы бразилиялық шабуылшы Эдмилсонмен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Келісім 2027 жылдың маусымына дейін жарамды.
28 жастағы Эдмилсон де Паула Сантос Фильо Сан-Паулу штатында дүниеге келген. Ол алғашқы кәсіби қадамын Бразилиядағы «Вело Клубе» сапында жасаған. Кейін Португалияның «Марко 09» және «Вилаверденсе» клубтарында өнер көрсетті.
Соңғы екі маусымда шабуылшы Словенияның «Целе» командасында ойнады. Бұл клуб сапында Эдмилсон ел чемпионы атанып, Кубок жеңіп алды. Сонымен қатар, УЕФА Конференциялар лигасында 12 матчтың бәріне қатысып, ширек финалға дейін жетті. Барлығы ол «Целе» үшін 73 ойын өткізіп, 19 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или