«Ертiстің» жаңа бас бапкері таныстырылды

Бүгін «Ертiс» футбол клубы жаңа бас бапкерін таныстырды. Команданы енді шығысқазақстандық маман Ринат Алюетов жаттықтырады. Келісімшарт ресми түрде бекітілді.
Алюетов бұған дейін Қазақстан Премьер-лигасындағы бірнеше клубты – «Жетісу», «Жеңіс», «Тұран» және «Каспийді» басқарған. 2023 жылғы маусымда Бірінші лигада чемпион атанған «Елімай» командасында Самат Смақовтың көмекшісі болды. Сонымен қатар ол өскемендік «Алтай» футбол орталығында жұмыс істеп, жасөспірімдермен тәжірибе жинаған. «Жетісу» жастар құрамасы мен Қазақстан U16 құрамасында да қызмет атқарған.
Еске салайық, мамыр айының басында «Ертiстің» бұрынғы бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов клубпен өзара келісім бойынша қош айтысқан еді. Ол павлодарлық ұжымда небәрі төрт ай жұмыс істеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или