«Арсенал» Йоррел Хатоға көз тікті

Лондондық «Арсенал» «Аякс» қорғаушысы Йоррел Хатоға ерекше қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz Sport Italia мен «Спорт-Экспресс» басылымдарына сілтеме жасап. Англиялық клуб 19 жастағы ойыншыны 2025 жылғы жазда өз сапына қосуды жоспарлап отыр.
«Канонирлер» бірнеше айдан бері нидерландылық футболшыны бақылауда ұстап келеді. Алғашқы ақпараттар қаңтар айында шыққанымен, сол кезде «Аякс» Хатоны құрамда ұстап қалды.
Хато үшін 2024/25 маусымы өте сәтті өтті: ол барлық турнирде 50 матч өткізіп, 3 гол мен 6 нәтижелі пас берді. Қазіргі келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 35 миллион еуроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или