Чавес Кроуфорд пен Канело жекпе-жегіне болжамын айтты

Чавес Кроуфорд пен Канело жекпе-жегіне болжамын айтты


13 қыркүйек күні Лас-Вегаста Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) пен Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 KO) арасындағы аса күткен жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz vringe порталына сілтеме жасап. Кроуфордтың мақсаты – суперорта салмақта абсолют чемпион атану және бұл жетістікті үшінші салмақта қайталау. Алайда оның бұл жоспарларына күмәнмен қараушылар да бар.

Канеломен рингте жолыққан бұрынғы әлем чемпионы Хулио Сесар Чавес-жас Кроуфордтың бұл салмақта жеңіске жетуіне сенбейді.

«Меніңше, одан ештеңе шықпайды. Канело бұл салмақта өзін өте сенімді сезінеді. Кроуфорд жылдам, бірақ Канелоға құрмет көрсеткізетіндей соққы күші жетпейді. Ал ондай күшсіз ол бұл айқаста жеңіске жете алмайды», – деді Чавес.

Айтпақшы, маусымның соңында Чавес те рингке оралады – ол блогер әрі шоумен Джейк Полмен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек алдында Чавеске Канелоның қолдауы ерекше мотивация бергенін айтады. «Канелоның мен үшін жанкүйер болады деп ешкім күтпеген шығар, Полды емес», – деп әзілдеді ол.

Еске салайық, бұған дейін Канело мен Джейк Пол арасындағы жекпе-жек те талқыланған болатын. Алайда мексикалықты GEA басшысы Турки әл Әш-Шейх өз жобасына тартып алды. Содан кейін Пол Канелоны мазақтап, әлеуметтік желіде жиі тиісіп жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или