«Вольфсбургтің» жаңа бапкері белгілі болды

Германиялық «Вольфсбург» клубын енді нидерландылық маман Пауль Симонис жаттықтырады, деп хабарлайды Prosports.kz sport.ua сайтына сілтеме жасап. Келісімшарт 2027 жылдың жазына дейін жасалған.
Симонис бұған дейін «Гоу Эхед Иглз» командасын баптап, тарихи жетістікке қол жеткізген еді – 2024/25 жылғы маусымда бұл клуб 92 жылдан кейін алғаш рет Нидерланд кубогын жеңіп алды. Бұл нәтиже Нидерландта үлкен сенсация болды.
Жаңа бапкерді шақыруға Ральф Хазенхюттлдің отставкасы себеп болды. Ол өткен маусымның соңына жақын нашар нәтиже үшін қызметінен босатылған. «Вольфсбург» Бундеслиганы 11-орында аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или