IBO Ангелина Лукасқа қатысты дауға нүкте қойды

IBO Ангелина Лукасқа қатысты дауға нүкте қойды


Чилилік боксшы Даниэла Асенхоның айыптауларына байланысты Халықаралық бокс ұйымы (IBO) ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

IBO өкілі Эрика Петрони Ангелина Лукасқа жолдаған хатында Асенхоның сөзі дәлелсіз екенін және бұл мәселе жабық деп жазған.

«Құрметті Ангелина, мырза Левиннің кеңседе болмайтынын ескеріп, сізге хат жолдап отырмыз. Жеңісіңізбен құттықтаймыз – сізге арнайы сәлемдеме жіберілді. Асенхоның айтқандары расталмады, бұл тақырыпты жаптық. Сізге сәттілік тілейміз», – делінген ресми хатта.

Айта кетейік, бұған дейін Асенхо мен оның бапкері жекпе-жек қарсаңында промоутер Тариел Джафаров қонақүйдегі бөлмелеріне кіріп, ақша ұсынып, қорқытпақ болғанын айтқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или