18 жастағы спортшы бес күн ішінде үшінші әлемдік рекордын орнатты

18 жастағы спортшы бес күн ішінде үшінші әлемдік рекордын орнатты

Канадалық 18 жастағы жүзуші, үш дүркін Олимпиада чемпионы Саммер Макинтош әлемдік жүзу тарихын тағы да қайта жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Канада ұлттық чемпионатында ол 400 метрге аралас жүзуде жаңа әлемдік рекорд орнатты — 4 минут 23,65 секунд.

Бір қызығы, бұл қашықтықтың бұрынғы рекорды да Макинтошқа тиесілі болатын — 4:24,38. Осылайша, спортшы өзінің жетістігін арттырды.

Бұл канадалық үшін кейінгі бес күндегі үшінші әлемдік рекорд. Бұған дейін ол 200 метрге аралас жүзуде (2:05,70) және 400 метрге еркін жүзуде (3:54,18) тарихтағы ең үздік уақытты көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или