Grand Prix Challenge турниріне қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы 13-15 маусым аралығында АҚШ-тың Шарлотт қаласында өтетін World Taekwondo Grand Prix Challenge халықаралық турнирінің алғашқы кезеңіне қатысады.
Құрама сапына енген спортшылар:
- Темірлан Тілеулес (58 келіге дейін)
- Бектөре Оралханов (58 келіге дейін)
- Газез Нұрбек (68 келіге дейін
- Батыpхан Төлeуғали (80 келіге дейін)
- Нодира Ахмедова (49 келіге дейін)
- Рита Бәкішева (49 келіге дейін)
- Нұрай Хұсайынова (67 келіге дейін)
"Біз бұл турнирге жақсы дайындалдық. Соңғы оқу-жаттығу жиынын Иранда өткіздік. Онда біз атақты спортшылармен бірге дайындалып, жаттығу жекпе-жегін өткіздік. Бұл, әсіресе, жас спортшылар үшін өте құнды тәжірибе болды. Қазір ұлттық құраманың физикалық және тактикалық дайындығы жоғары деңгейде.
Grand Prix Challenge - бұл әлемдік рейтингтегі орнымызды нығайтудың ғана емес, сонымен қатар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада алдындағы маңызды халықаралық тәжірибе жинаудың мүмкіндігі", — деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов.
Айта кетейік, бұл жарысқа әлемнің 44 елінен 376 спортшы қатысады.