Данияр Елеусінов пен Иван Дычконың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Данияр Елеусінов пен Иван Дычконың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшылар, IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) пен аса ауыр салмақтағы Иван Дычко (14-0, 13 КО) шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, спортшылардың келесі жекпе-жектері 19 шілдеде Вашингтонда, Пенсильвания штатында өтеді деп жоспарланған. Қарсыластардың есімдері әлі жарияланған жоқ. Данияр мен Иван қазір Питтсбург жанындағы бапкер Том Янкеллоның жаттығу залында жаттығады.

Данияр Елеусінов кейінгі жекпе-жегін Алматыда 2024 жылдың 28 қыркүйегінде өткізіп, онда филиппиндік Джо Нойнайды (23-5-2, 11 КО) мерзімінен бұрын жеңген еді. Иван Дычкоға келсек, ол 2024 жылдың тамыз айында АҚШ-тың Плант-Сити қаласында америкалық боксшы Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) нокаутқа түсірген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или