«Тобыл» командасы Асхат Тағыбергенге құрмет көрсетті

Қостанайлық «Тобыл» командасы Қазақстан ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтаған Асхат Тағыбергенге құрмет көрсетіп, 8 нөмірі тігілген арнайы шапан сыйға тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Асхат командаға алғысын білдіріп, ендігі бар күш-жігерін «Тобылға» арнайтынын жеткізді.
Ұлттық құрама капитаны 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңі аясында өткен Солтүстік Македонияға қарсы матчтан кейін клубтан кететінін мәлімдеген еді.
Он жылдан астам уақыттан бері Асхат ұлттық құрама сапында 63 матчта 3 гол соғып, 7 нәтижелі пас авторы атанды.
Асхат Тағыберген 1990 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазірге дейін «Қайсар», «Ақтөбе», «Астана», «Тобыл», «Ордабасы» клубтарында доп тепті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или