Таеквондодан АҚШ-та өтетін Гран-приге қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды

Таеквондодан (WT) Қазақстан ұлттық құрамасы 13-15 маусым аралығында АҚШ-тың Шарлотт қаласында өтетін World Taekwondo Grand Prix Challenge халықаралық турнирінің алғашқы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын жеті спортшы қорғайды:
- Тілеулес Темірлан (58 кг)
- Оралханов Бектөре (58 кг)
- Газез Нұрбек (68 кг)
- Төлеуғали Батырхан (80 кг)
- Ахмедова Нодира (49 кг)
- Хұсайынова Нұрай (67 кг)
- Бәкішева Рита (49 кг)
Айта кетейік, турнирге 40-тан астам елден 500-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или