Қазақстандық жұп Лондонда өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Лондонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жұптық сынында сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шөп жабындысында өтіп жатқан бұл жарыстың алғашқы айналымында отандастарымыз испаниялық Кристина Букша мен бразилиялық Беатрис Хаддад Майя дуэтін 6:3, 5:7, 10:6 есебімен тізе бүктірді. Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды.
Ширек финалда Рыбакина мен Путинцева маусымдағы ең мықты жұптардың бірі саналатын нидерландылық Деми Схюрс пен америкалық Эйжа Мухаммад дуэтімен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или