Балауса Мұздыман WBA рейтингінде үздік бестікке енді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Балауса Мұздыман WBA жаңартылған рейтингінде жоғары көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұрымды боксшымыз соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 6 маусымында Алматыда өткізген болатын. Аталған жекпе-жекте ол Мысыр елінің өкілі Айя Рамаданмен кездесіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Кездесудің алғашқы раундтарынан-ақ қарсыласынан басым болған қазақстандық спортшы жекпе-жекті нокаутпен аяқтап, кәсіпқой мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Осы уақытқа дейінгі жеңістерінің алтауы - нокаутпен тіркелген.
Бұл жетістіктің нәтижесінде 27 жастағы Балауса Мұздыман Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінде тоғызыншы орыннан төртінші орынға көтерілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или