18 жастағы қазақстандық теннисші Ташкенттегі ITF турнирін сенімді бастады

Қазақстандық теннисші Анастасия Крымкова Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ITF W15 санатындағы турнирде сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымда 18 жастағы Крымкова жапониялық Канако Осафунені 7:5, 6:3 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Кездесу 1 сағат 39 минутқа созылды.
Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші сенімді ойын көрсетіп, 28 жастағы тәжірибелі қарсыласын тізе бүктірді.
Енді жарыстың екінші кезеңінде Крымкова Оңтүстік Корея өкілі Ан Юдзинмен кортқа шығады.
Аталған турнирдің жүлде қоры - 15 мың АҚШ долларын құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или