ҚФФ төрешілері мен инспекторлары аралық дайындықтан өтті
Астанада Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен бас төрешілерге, көмекші төрешілерге және матч инспекторларына арналған оқу-әдістемелік семинар өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Семинар бағдарламасына теориялық дәрістер, практикалық жағдайларды талдау және фитнес-тесттер енгізілді. Қатысушылар ойын сәттерін саралауға, айып алаңындағы даулы эпизодтарды түсіндіруге, қолмен ойнау ережесіне, бейнеқайталау жүйесін (VAR) қолдануға және ескерту беру критерийлеріне ерекше назар аударды.
Оқыту процесін ҚФФ төрешілік және инспекция департаментінің басшысы Нуну Паррейра де Каштру мен тәжірибелі нұсқаушылар жүргізді.
Матч инспекторлары үшін ойыннан кейінгі ресми рапорттарды дұрыс толтыру мәселесіне арналған жеке сессия ұйымдастырылды.