Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионаты алдында соңғы жаттығу жұмыстарын өткізді

13-20 маусым аралығында Будапешт (Венгрия) төрінде дзюдодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған жаһандық додада 92 елден 566 спортшы 14 салмақта жүлдеге таласатын болады. Қазақстан сапынан елдің үздік 12 дзюдошысы бақ сынайды.
Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада әлем чемпионаты алдында соңғы жаттығу жұмыстарын өткізіп, Будапештке аттанған болатын.
Жарыстың бірінші күні, 13 мамырда татамиге былтырғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова шығады. Ал одан кейін Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевтың шеберлігіне куә боламыз.
Әлемдік доданы қазақстандық Qazsport телеарнасы тікелей эфирден көрсететін болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или