«Сарыарқа» сапына шабуылшы қосылады

Шабуылшы Радель Фазлеев «Сарыарқа» клубына ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
Өткен маусымды 29 жастағы хоккейші Беларусь тұрақты чемпионатында солигорлық «Шахтёр» сапында бастап, 32 матчта 13 (4+9) ұпай жинаған. Ал Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңінде «Хумо» құрамында 10 ойында 12 (3+9) ұпай еншілеген. Плей-офф кезеңіндегі 7 кездесуде қазан хоккей мектебінің тәрбиеленушісі нәтижелі әрекетпен көзге түспеген.
Еске сала кетейік, 2023–2024 жылғы маусымда Радель Фазлеев қарағандылық клуб сапында ойнап, Қазақстан чемпионатының тұрақты біріншілігінде 30 матчта 25 (11+14) ұпай жинаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или