Габонға гол соққан Соса «Ақтөбеге» келеді

Габон құрамасының қақпасына гол соққан Нигер шабуылшысы Даниель Соса жақында «Ақтөбе» сапына қосылады, деп хабарлайды Prosports.kz «Серый CARDINAL» телеграм арнасына сілтеме жасап.
Украинаның «Кривбас» клубында жартылай қорғаушы ретінде ойнаған Сосамен келісімшарт сәуір айында жасалған болатын. Алайда сол кезде бірқатар мәселелер туындап, трансфер кейінге шегерілді.
Қазір барлық кедергілер шешілді. Жоспар бойынша, футболшы 1 шілдеде ресми түрде «Ақтөбе» құрамына қосылады деп күтілуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или