Станислав Черчесов ЦСКА кеңсесіне барды

10 маусым күні Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов Мәскеудің ЦСКА клубы директорлар кеңесінің төрағасы Максим Орешкиннің кеңсесіне барып шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу барысында нақты не талқыланғаны белгісіз. Telegram-дағы Sport Baza арнасы бұл кездесуде Черчесовтың клуб тізгінін ұстау мәселесі қаралған-қаралмағанын нақтыламай отыр.
Айта кетейік, жуырда ЦСКА клубының бапкерлер штабы түгелдей қызметінен кеткен еді. Команданы Марко Николич, Радойе Смилянич, Горан Басарич және Александр Рогич жаттықтырған болатын.
Қазіргі таңда ресейлік БАҚ дерегінше, «қызыл-көк» клубтың бас бапкерлігіне басты үміткерлер ретінде чех маманы Марцел Личка мен ЦСКА аңызы Сергей Игнашевич аталып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или