Авто мен марапат: Өзбекстан құрамасы тарихи жетістіктен соң сыйлыққа ие болды

Авто мен марапат: Өзбекстан құрамасы тарихи жетістіктен соң сыйлыққа ие болды


Қатарға қарсы жеңістен кейін Өзбекстан құрамасының футболшыларына 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алғаны үшін BYD маркалы көліктер тарту етілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ел президенті Шавкат Мирзиёевтің баспасөз қызметі хабарлады. Автокөлік сыйлау туралы шешім команда Араб Әмірліктерімен тең ойнап, мундиальға жолдама алған кезде қабылданған. Жалпы саны 40 көлік табысталды.

Сонымен қатар, ойыншылар мен бапкерлер штабына «Өзбекстан мақтанышы» («Ўзбекистон ифтихори») құрметті атағы берілді. Бұрынғы бас бапкер Сречко Катанец денсаулығына байланысты қызметтен кеткенімен, «Достық» орденімен марапатталды.

Сол сияқты командада еңбек еткен өзге шетелдік мамандар мен физиотерапевт, аудармашы, медиа қызметкерлер де марапатқа ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или