Қазақстан футбол клубтарының басшылығы Астанада жиналды

Қазақстан футбол клубтарының басшылығы Астанада жиналды


9 маусымда Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) ғимаратында ҚФФ Бас хатшысы Давид Лорияның төрағалығымен кәсіби футбол клубтарының бірінші басшыларының қатысуымен жиын өтті.

Кездесу барысында маусымның көктемгі бөлігінің қорытындысы, турнир күнтізбесі, инфрақұрылымды дамыту, трансляция, чемпионаттарды өткізу регламенті, футбол орталықтарының жұмысы және стадиондарды лицензиялау мәселесі талқыланды.

Кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде баяндама жасады. Ал ҚФФ лицензиялау департаментінің басшысы Ержан Мұсабеков 2026 жылғы маусымға арналған лицензиялау талаптарын клуб өкілдеріне таныстырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или