Зайнутдиновқа талас күшейді: «Динамо», «Зенит» және «Краснодар» қызығушылық танытып отыр

Зайнутдиновқа талас күшейді: «Динамо», «Зенит» және «Краснодар» қызығушылық танытып отыр


Мәскеудің «Динамо» футбол клубы «Бешикташ» және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бақтиёр Зайнутдиновты трансферлеу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Şafak Malatya.

27 жастағы футболшыға «Зенит» пен «Краснодар» да қызығушылық танытып отыр. Дегенмен, ең тиімді шартты дәл «сине-бело-голубые» ұсынып отыр. Соған қарамастан, бас фаворит ретінде «Динамо» көрсетілуде.

Бұған дейін Зайнутдиновке қатысты қызығушылықты «Чемпионат» жазған болатын. Алайда «Зениттің» директорлар кеңесінің төрағасы Александр Медведев бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Бақтиёр Зайнутдинов 2023 жылы «Бешикташ» сапына ауысып, өткен маусымда барлық турнирде 12 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Бұған дейін ол Мәскеудің ЦСКА клубында ойнаған. Transfermarkt порталының мәліметінше, оның нарықтық құны – 3,3 миллион еуро.

2024/25 жылғы маусымда Ресей чемпионы атанған – «Краснодар», екінші орында – «Зенит», ал «Динамо» бесінші орынды қанағат тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или