«Зенит» Әліппен қош айтысуы мүмкін

«Зенит» Әліппен қош айтысуы мүмкін


«Зениттің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Денис Угаров «Ростов» ойыншысы Максим Осипенконың Санкт-Петербург клубына ауысу мүмкіндігін талқылап, бұл ауысым Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің жағдайына қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz Sovsport.ru сайтына сілтеме жасап.

«Қазір «Зенитке» ресейлік футболшылар қажет, өйткені құрамнан Чистяков, Кержаков және Сутормин секілді ойыншылар кетті. Дегенмен, клубта төрт орталық қорғаушы бар, демек, біреуі кетуі мүмкін. Үміткерлердің бірі – Әліп сияқты.

Осипенкоға келсек, оның жасы 31-де. Бұл жаста футболшымен келісімшарт жасау қаншалықты дұрыс? Иә, ол шабуылды жақсы бастайды, бірақ екі-үш жылдан кейін біз Еурокубоктерге оралатын болсақ, ол кезде Осипенкоға 33–34 жас болады. Оның орнына жас ойыншыны шақырып, 26 жасына дейін еурокубоктерге дайындаған тиімдірек», – деді Угаров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или