«Ордабасы» бақылау матчында Қазақстан U19 құрамасынан жеңіліп қалды

Шымкентте өткен оқу-жаттығу жиынын Қазақстан U19 құрамасы жеңісті нәтижемен қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кирилл Кекер жаттықтыратын жасөспірімдер құрамасы ОЖЖ аясындағы үшінші және соңғы бақылау матчында «Ордабасыны» 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Қос голдың авторы – Абылай Төлеухан. Жас шабуылшы дубль авторы атанып, жеңістің басты кейіпкері болды.
Осылайша, U19 құрамасы жиын барысында тағы бір маңызды тәжірибе жинап, жаңа маусымға дайындықты сәтті аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или