Лука Гадрани жарақатынан айықты

Грузиялық қорғаушы Лука Гадрани «Қайраттың» жалпы тобында жаттығу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Лука Гадрани жалпы топпен жаттығуға кірісті», - деп хабарлады алматылық команда Instagram желісінде.
Грузия құрамасының қорғаушысы ағымдағы жылдың қаңтар айында ауыр жарақат алып (тобығының байламы үзіліп), 2024/2025 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-Лигасының матчтарына қатысқан жоқ.
Гадрани алматылық командаға 2024 жылдың қаңтарында Ақтөбеден ауысты. ҚПЛ-да 70 матч өткізіп, бес гол соққан. Қазақстан чемпионатына дейін ол Грузия премьер-лигасында, Иран жоғарғы дивизионында және Испания чемпионатының екінші лигасында өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или